Шайбалы хоккей бойынша тұрақты ел чемпионаты басталды. «Бейбарыс» ХК дайын ба? Бұл туралы баспасөз хатшысы Павел САМОЙЛО айтып берді.
Команда құрамы аса көп өзгеріске түсе қоймады. Былтырғы ойыншылардан мұз айдынына Артем Микушин (қақпашв), Денис Макаров (қорғаушы, команда капитаны), шабуылшылардан Вадим Митряков, Евгений Дерябин, Александр Зубков, Павел Плотников, Альберт Вишняков, Константин Баранов, Темірлан Жакыбаев, Илья Малюшкин, Максим Шарифьянов, қорғаушылардан Дмитрий Степанов (ҚР құрамасының ойыншысы, 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысушы) пен Роман Смирнов шығады.
Келгендер: былтырғы чемпион «Номад» командасынан бес ойыншы (Астана) – Евгений Болякин, Диас Мадиев, Иван Степаненко, Артем Севостьянов және Булат Хамматов; «Сахалин» ХК-нан Денис Короваев, «Торпедо» ХК-нан Михаил Рыбалко, «Құлагер» ХК-нан Евгений Чемерилов, «Сарыарқа» ХК-нан Анатолий Васильев пен Виталий Смольянинов, чехиялық «Варнсдорф» ХК-нан Константин Пальмтаг, «Сарматы Оренбуржья» ХК-нан Артем Сергеев, сонымен қатар атырау хоккейінің тәрбиеленішулері – 20 жастағы Михаил Панов пен 17 жастағы Айдын Хапыштаев. Құраманы ҚР құрамасының хоккейшілері Вячеслав Трясунов пен Максим Худяков толықтырды.
Бапкерлер қатарында да аздаған өзгерістер орын алды – команданы бұрынғыша Александр Истомин басқарады, оның екі көмекшісі Владимир Клинга мен Олег Болякин орындарын сақтап қалды, ал үшінші көмекшісі Артем Аргоков «Бейбарыс» ХК-ның балалар хоккейі бөліміне ауысты.
Жазда команда Белоруссияның Лида қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, А.Дубконың турнир-мемориалына қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ең мықты үш команда алты ұпайдан алды, сондықтан жүлделі орындарға ие болғандарды анықтау үшін жеке кездесулер өткізілді – нәтижесінде «мәмлүктер» «Динамо» (Санкт-Петербург) мен «Шахтердан» (Солигорск) кейінгі 3-орын алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ