Атырау, 11 мамыр 07:35
 ашықВ Атырау +17
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Латын әліпбиіне көшу үшін 600 миллион теңге бөлінеді

2 675 просмотра


Латын әліпбиіне көшу үшін 600 миллион теңге бөлінеді, - деп хабарлайды "24 Хабар". 

Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілістегі үш жылдық бюджеттің жобасын таныстыру барысында айтты. Телеарнаның мәліметінше, 2018 жылы бюджеттің табысы шамамен 5 триллион теңге болады. Ал шығыны 9 триллионнан асады. Айтуларынша, қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2018 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. 

Сондай-ақ, министр бюджет қаражатын игеру мәселесінің шешілуі мүмкін екенін айтты. 

"Қосымша функциялар қарастырылып жатыр, мысалы, қазынашылық сүйемелдеу. Бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында мердігерлерге бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін бақылайтын қазынашылық органдар. Енді осы органдар қаражаттың толықтай игерілуін қадағалап, сәйкесінше, оларда сол жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттар болады", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев. 

Дереккөз: 24 Хабар


13 қыркүйек 2017, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.