Атырау, 23 желтоқсан 02:02
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

МАБ сынағы сақталады

4 620 просмотра

Мемлекет аралық бақылау (МАБ) сынағы алынады деген алып-қашпа әңгіме жалған болып шықты. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасында таяу күндердің ішінде Білім және ғылым министрлігінен осыған сәйкесті бұйрық келіп түскендігін хабарлады. Биылғы жылы МАБ сынағы 24 ақпанда өткізіледі. Әзірге бұйрықта оқушылардың тапсыратын пән атауы көрсетілмеген болып шықты. Алайда, ұзынқұлақтың айтуынша, бұл  пән математика болмақ екен.

Естеріңізде болса, өткен жылдан бастап студенттер (олар да МАБ тапсырады) мен жоғары сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында осы мемлекетаралық бақылау сынағы алынады деген әңгіме туындаған еді.  Айта кету керек, бұған мектептер аса қарсы бола қойған жоқ, өйткені, егер оқушылар осы емтиханнан төмен балл жинаса, онда мектеп кезектен тыс аттестациядан өтуге мәжбүр болады.

Алайда, облыстық білім беру департаментінің жалпы және орта білім беру бөлімінің бастығы Бәтима БАХТИЯРОВАНЫҢ хабарлағанындай, биылғы жылы МАБ әдеттегідей облыстың барлық 4-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында өтеді. Бұл сынақ тек қазақ-түрік лицейі мен шипажайлық типтегі мектепте ғана өткізілмейді. Мектептерде мемелекеттік комиссия құрылады. Ұлттық тестілеу орталығы дайындаған тест сұрақтары бар конверт емтихан алдында ғана ашылады.

МАБ сынағына Атырау облысы бойынша барлығы 9 070 төртінші сыныптықтар және 9 529 тоғызыншы сыныптықтар қатысатын болады. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.