Атырау, 22 желтоқсан 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Интим суреттері Желіге тарап кеткен оралдық полицей қызметінен кетті

2 547 рет қаралды


Интим суреттері Желіге тарап кеткен оралдық полицей қызметінен кетті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды "Уральская неделя". 

"Қызметінен шеттетілді. Қазіргі уақытта резервте", - деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Еске сала кетейік, осыған дейін интим суреттері желіге тарап кеткен полицейге қатысты тексерістің басталғаны хабарланған болатын. 

"Полицияның учаскелік инспекторы бейнеленген делінген ақпараттың Интернет желісінде таралуына байланысты мынаны хабарлаймыз, бұл дерек бойынша БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс бастады, оның қорытындысы кейінірек хабарладады. 

Сондай-ақ, Ермек Каюповтың шын мәнінде БҚО ІІБ-де полицияның учаскелік инспекторы болып жұмыс істейтінін растаймыз", - делінген еді БҚО ІІД хабарламасында.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


8 қыркүйек 2017, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.