Атырау, 22 желтоқсан 17:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ұлттық валюта бағамы долларына 333 теңгеге дейін нығайды

2 808 рет қаралды

Фото: Kursiv.kz

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 8 қыркүйектегі таңғы саудасында 333,24 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, 7 қыркүйектегі таңғы сессияда доллар бағамы 338 теңге болған еді. 8 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 335 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны 332,98 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 42,950 миллион долларға жетті. 

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 333,5-336 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 10.55-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54,74 доллар болды.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


8 қыркүйек 2017, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.