Атырау, 22 желтоқсан 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қостанай облысында ән-күй пәнінің мұғалімі оқушы қыздарды азғырды деп айыпталды

2 506 рет қаралды


Қостанай облысында 40 жастағы ән-күй пәнінің мұғалімін өз оқушыларын азғырды деп айыптады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Alau.kz-ке сілтеме жасап. 

Федоровский АІІБ қызметкерлері 12 маусымда сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Мұғалімге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 3-бөлігі бойынша ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру, бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер") іс қозғалды.  

Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов кәмелет жасына толмаған балалардың мүддесін қорғау мақсатында оларға білікті адвокаттар тағайындалғанын айтты.  

"Облыстық прокуратураның тергеу қорытындысы бойынша, іс материалдары 28 тамызда Қостанай облыстық кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді", - деді Жүсіпов.  

Айыпталушыға сот бір жыл қамауда болу бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. 

Дереккөз: Тengrinews.kz


7 қыркүйек 2017, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.