Атырау, 22 желтоқсан 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан жер қойнауын пайдалануға аукцион жариялады

3 199 рет қаралды

Ақмола облысындағы алтын өндірілетін Алтынтау ашық кеніші (Көрнекі сурет).

Қазақстан ондаған пайдалы қазба кен орнын саудаға шығарды. Қазақстан инвестиция және даму министрлігі ресми сайтында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін берілмек 109 жер учаскесінің тізімі жарияланды.

Министрлік "жер қойнауын пайдалануға құқық беретін аукцион түріндегі конкурс" 28 қазанға белгіленгенін хабарлайды. Аукционға қатысуға өтініш қабылдау 27 қыркүйекте басталып, 27 қазанда аяқталады.

Саудаға негізінен алтын және түрлі-түсті металл кен орындары шығарылған. Бірақ аукционға қатысушылар сонымен қатар қара металдар мен кен орындары да бар учаскелер лотына да қатыса алады. Тізімдегі сегіз жер учаскесінің кейбірі жартылай, кейбірі толықтай Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигоны аумағында орналасқан.

Ресей Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған келісім бойынша жалға алып отыр. Полигонның қалған бөлігі Қазақстанның қарауында.

Дереккөз: Азаттық

7 қыркүйек 2017, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.