Атырау, 22 желтоқсан 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ұлттық валюта бағамы долларына 338 теңгеге дейін нығайды

2 453 рет қаралды


Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қыркүйектегі таңғы саудасында 338 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, 6 қыркүйектегі таңғы сессияда доллар бағамы 341,28 теңге болған еді. 

7 қыркүйектегі таңғы сауданың бірінші келісімі 341 теңгемен өтті. Максималдық құны да осы болды, ал минималдық құны 337,25 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 21,5 миллион долларға жетті. 

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 337-341 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 11.05-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 54,03 доллар болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


7 қыркүйек 2017, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.