Атырау, 22 желтоқсан 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Халықтың тұтыну шығындары бойынша Қазақстан Ресейден озып кетті

2 526 рет қаралды

 

Халықтың тұтыну шығындары деңгейі бойынша Қазақстан Ресейді шаң қаптырып кетті, деп хабарлайды "Независимая газета" Ресей үкіметі жанындағы сарапта орталығына сілтеме жасап.

Ресейлік сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, экономикадағы дағдарыс салдарынан қазақстандықтардың тұтыну шығындары ресейліктердікімен салыстырғанда 16 %-ға көбейген. Оның үстіне, сарапшылар бұл үрдістің әрі қарай жалғасын табатынына сенімді.

Тұтыну деңгейі ресми айырбас бағамы мен ұлттық валютаның сатып алу қабілеті паритетін есепке ала отырып бағаланады.

Былтыр Қазақстан тұрғыны орта есеппен жеке тұтыну тауарларына 13,8 мың доллар жұмсаған, ал орташа есептік ресейлік — 11,9 мың доллар.

Дереккөз: Sputniknews.kz

6 қыркүйек 2017, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.