Атырау, 25 желтоқсан 06:52
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Серік Ахметов бостандыққа шығады

1 869 рет қаралды


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовті бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Today.kz-ке сілтеме жасап.

«21 қыркүйекте заңды күшіне енеді. Осыдан кейін ол бостандыққа шығады. Неліктен шығарады дегенге келетін болсақ, ол 159/18 колониясында өзін жақсы қырынан көрсете білді. Келтірген шығынды толық өтеді» деді дерек көзі Today.kz тілшісіне.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде аудандық сот бес шенеунікке қатысты шешім шығарды. Сот жауапқа тартылғандарды 17 миллион 310 теңге көлемінде шығынды өтеуді міндеттеді.

2017 жылдың 29 сәуірінде бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов пен 4 шенеунік 17 миллион теңге көлемінде материалдық шығын талабын қанағаттандыру шешімі бойынша Қарағанды облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

1 шілдеде апелляциялық сот алқасы сот шешімін еш өзгеріссіз қалдырды. Ахметов және 4 шенеунік елге 17 миллион теңге қарыз болып қалды.

Дереккөз: Qamshy.kz

6 қыркүйек 2017, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.