Атырау, 22 желтоқсан 17:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Депутаттар Рау мен Сәпиев ант қабылдады

1 467 рет қаралды

Фото: Sputniknews.kz

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Серік Сәпиев пен Альберт Рау Астанадағы жалпы отырыста ант қабылдады.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының біртұтатстығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, мойныма артылған депутат міндетін адал ниетпен орындауға ант етемін", — деді ҚР Паралментінің алтыншы рет шақырылған мәжілісінің үшінші сессиясының депутаттары.

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ақпан айының соңында Мұхтар Тінікеев қызметінен кеткен соң, депутат қызметіне кіріскен болатын. Ал бұдан бұрын Инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарған Альберт Рау биыл наурызда депутат атанған.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

6 қыркүйек 2017, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.