Атырау, 12 қаңтар 07:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Ақтөбедегі мәйіттік донор дауы: Дәрігерлердің жұмысы заңды

1 831 рет қаралды


Ақтөбе полициясы мәйіттік донор дауына қатысты істі тергеп, дәрігерлердің жұмысы заңды деп шешім шығарды. Қазір тергеушілердің шешімін прокуратура қарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбеде мәйіттік донорға қатысты дау шығып, қаза болған Серікболсын Көшербайдың туған-туыстары сотқа арыз түсірген болатын. 

Азаматтық сот процесі кезінде қаза болған жігіттің туыстары дәрігерлерден моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге талап етіп, кейін іс тоқтатылды.  

Ақтөбеге Ұлттық трансплантологияны үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев арнайы келіп, марқұмның отбасына көңіл айтып баруға келісті. Мәйіттік донордың заңдылығымен таныстырып, адамның «миы өлген» кезде еш рұқсатсыз оның ағзасын алуға рұқсат етілетін тәртіпті түсіндірді.  

Дегенмен Серікболсын Көшербайдың туыстары жазған арызға байланысты полиция қылмысты істі тергеді.  «Серікболсын Көшербайдың дене мүшесін трансплантациялау дерегіне қатысты туыстарының арызы бойынша Зауыт полиция бөлімі сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан істі тоқтатты.

«Егер адам тірі кезінде донор болуға қарсымын деп жазып, тіркелмесе, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексіне сәйкес миы өлген жағдайда оның азғасын еш келісімсіз алуға болады. Арнайы рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Бұл басты заңнама 2009 жылы қабылданып, 2016 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл бірінші оқиға емес. Қазақстанда болды, ертең де бола береді. Адамның ағзасын алу оңай жұмыс емес. Миы өлген адамнан бірнеше анализ алынады. Тексеруден соң сәйкес келе ме, жоқ па деген сұраққа жауап ізделеді. Қазір еліміз бойынша 3 500-ден астам адамға донор қажет. Олардың бүйрегі, жүрегі, өкпесі, бауыры аппаратқа қосулы. Сондықтан бұл жағдайды ушықтырмай, адамдарға түсіндіру жұмысын жүргізу керек. Біздің дініміз, заңымыз адам ағзасын адамға салуға қарсы емес»,- деді Жақсылық Досқалиев.

Қылмыстық кодекстің «адам мәйітінің ағзалары мен тіндерін заңсыз алу» бабы бойынша дәрігерлердің жұмысына құқықтық баға берілді. Тергеу мәйіттік донор ережесінің бұзылмағанын анықтады. Прокуратура шешімнің заңдылығын қарап жатыр», - деп жазды өз парақшасында облыстық прокуратураның аппарат басшысы Жасұлан Дәулембаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат


5 қыркүйек 2017, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.