Атырау, 23 желтоқсан 01:06
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Одақ елдерінен келетін ақша декларацияланбайды

3 222 просмотра

Кедендік одақ аясында жеке тұлғалар әкелетін немесе елден шығаратын ақшалай қаржылардың мөлшеріне енді шектеу қойылмайтын болды.

«2011 жылдың 17 қаңтарында «Кеден одағының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың ақшалай қаражат және (немесе) ақшалай құралдарды алып өту тәртібі туралы Келісімді ратификациялау туралы Халықаралық келісім-шартқа 2010 жылдың 5 шілдесінде қол қойылғанымен тек қазір ғана бекітілді»,-дейді  Ұлттық банктің валюта операцияларын бақылау бөлімінің бастығы Айгүл ИБРАЕВА. 

Енді жеке тұлғаларға қолма-қол шетелдік және ұлттық валютаны, векселдерді, чектерді (оның ішінде жол чектерін), құнды қағаздарды  біздің еліміздің аумағына Ресей және Белоруссиядан әкелу, сондай-ақ, елімізден Ресейге немесе Беларуссияға алып өту барысында олардың мөлшеріне шектеу қойылмайды және кедендік декларация жүзеге асырылмайды. Кедендік одаққа кірмейтін елдер үшін бұрынғы ереже сақталып қалды: құндылықтар (ұлттық және шетелдік валюталар, жол чектері), 10 мың АҚШ долларынан асып кеткен эквивалент кедендік декларациялауға жатады. Ал, құнды қағаздар, векселдер және чектерді (жол чектерінен басқасы)  оларға жазылған номинальды құны мен сомасына қарамастан декларациялау керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.