Атырау, 22 желтоқсан 07:47
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ержанның жеңісі мен мақтанышы

4 138 просмотра


Жақында суда жүзу спортынан бүкіл Қазақстанның намысын қорғап жүрген атыраулық спортшы Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВКЕ «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді.

Ержан Сәлімгереев мүгедектер арасында суда жүзуден бүгінде дүниежүзілік рейтингтің көш басында тұр. Үшінші сыныпта оқып жүргенінде ойнап жүріп трансформатордағы тоққа тартылып, бір қол, бір аяғынан айырылған жігіттің спорттағы жетістіктері жөнінде бұған дейін де бірнеше рет жазған едік. Қазақстан чемпионатында қатарынан бір күнде үш түрлі жарыстан 3 алтын алып, кейін халықаралық аренаға шықты.

-  Халықаралық спорт шебері атағы халықаралық турнирлердегі жеңістер үшін беріледі, - дейді Ержан. – Мен Германияда жыл сайын өтетін «IDMBERLIN» мүмкіндігі шектеуклі жандарға арналған жүзу жарысына екі рет қатыстым. Турнир өте салмақты, Еуропа чем ипонатына теңестірілген. Өткен жылы онда алтын медаль жеңіп алдым, биыл екі алтын (50 және 100 метрген шалқылалап жүзуден) және екі қола (50 және 10 метрге еркінг жүзуден). Енді сол алғашқы орыннан өзімді көргенімде, Қазақстанның туын көргенде дайындықтың нәтиже бергенін сезіп  қуанамын.

- Алдағы мақсат қандай?

- Енді мұнымен тоқтамай осы спортты әлі де жандандырамын. 30 қыркүйек-7 қараша аралығында Мексикада әлем чемпионаты өтеді. Соған дайндалудамын.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

31 тамыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.