Атырау, 26 желтоқсан 23:46
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сегіз адам газдан уланды

3 550 просмотра

19 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Жаңа-Қаратоннан Жылыой аудандық ауруханасына уланған 7 адам жеткізілді  деген ақапарат келіп түсті. 48 жастағы әйел адам ауруханаға жетпей көз жұмған.

ТЖ әрекет ету жөніндегі басқарма бастығы Сәлімғали САУЫҚБАЕВТЫҢайтуынша, зардап шегушінің біреуі ауыр жағдайда терапиялық  бөлімшеде, жағдайлары өте ауыр деген төрт адам жан сақтау бөлімінде және екі адам амбулаториялық ем алуда. Дәрігерлер улы газбен уланған деген диагноз қойып отыр. Дегенмен, ТЖД қызметкерлері тамақтан улануды жоққа шығарып отырған жоқ. Бұған қатысты облыстық СЭС бастығының орынбасары Ерболат УАИСОВ мынадай мәлімдеме жасады: «Зардап шегушілерде ешқандай тамақтан улану белгілері жоқ. Біз бұл орын алған бақытсыздық жағдай газдың кетуінен болып отыр деген қорытынды жасаймыз. Біздің тергеу ісіне қатысып жатқан  қызметкерлеріміз көрсетілген үйде таяу арада жылу жүйесіне қатысты жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін анықтады».

 Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.