Атырау, 13 қараша 16:33
 дождьВ Атырау +6.2
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36

​"Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыластары белгілі болды

2 992 рет қаралды


"Астана" командасының Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

48 команда жеребе тарту арқылы УЕФА-ның клубтық рейтінгіне сай 12 топқа бөлінді. Қазақстанның "Астана" клубы бұл жарыста испаниялық "Вильярреал", Израильдің "Маккаби" және чехиялық "Славия" клубтарымен ойнайды.  Еске салайық, "Астана" Чемпиондар лигасының плей-офф раундындағы қарымта мачта "Селтикті" 4:3 есебімен жеңген болатын. Дегенмен Чемпиондар лигасындағы жарысты ары қарай шотландиялық клуб жалғастырады. Өйткені екі ойын қорытындысы бойынша есеп 4:8 шотландиялықтар пайдасында.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 тамыз 2017, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.