
Азаттық тілшісінің сот залынан хабарлауынша, судья Төлеген Тұрғынбаев Өмірбек Жампозовты Қылмыстық кодекстің 1997 жылы қабылданған ескі редакциясының 176-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша кінәлі деп тану, бірақ қайтыс болуына байланысты жазадан босату туралы үкім шығарды.
Судья бұл іс бойынша өзге сотталушылар Бөрлібаевты 7 жыл 6 айға, Қазыкеев және Тайғұловты 7 жылға, Төлеуовті 5 жылға, Бейсебековті 2 жыл 6 айға бас еркінен айыру жазасын кесті. Бұл сотталушылар да 176-бап бойынша айыпты деп танылды. Үкім бойынша, Бейсебековтен өзге сотталушылардың дүние-мүліктері де тәркіленбек.
Өмірбек Жампозовтың өлімінен кейін Қазақстан бас прокуратурасы "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша іс қозғалып, қаржы жымқыру айыбы бойыyша істің қайта тергеуге жіберілгенін хабарлаған.
Біраз уақыттан соң қаржы жымқыру ісі бойынша сот жалғасып, айыптау тарабы Өмірбек Жампозовтың кінәлі болғанын мәлімдеген.
Дереккөз: azattyq.org
В Атырау 0