Атырау, 22 желтоқсан 11:04
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда азаматтар нотариусқа онлайн режимде жазыла алатын болады

1 952 рет қаралды


Қазақстанда нотариусқа жазылу және құжаттарды жіберу енді азаматтар үшін онлайн режимде қолжетімді болады. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Нотариатына - 20 жыл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры Черных Ульяна мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz.

 Ол жүйені құру басында қойылған негізгі мақсаттардың орындалғанын ескеріп кетті. «Е-нотариат» - нотариустың күнделікті енбегінің құралы болып табылады. Республикалық нотариаттық палатасы және ҚР Әділет министрлігімен бірге жүйені жетілдіру жұмыстары жүргізілмек. Осылай, болашақта азаматтарға алдын ала қабылдауға және кеңес алуға онлайн тіркеуді енгізу жоспарланып отыр, сонымен қатар, нотариустың құжаттарды алдын ала адамның тікелей қатысуынсыз онлайн-өңделуі де мүмкін. Бұл рәсім азаматтардың да, нотариустардың да қажетті құжаттарды дайындау немее тексеруге алдын ала жіберу, немесе қажетті құжаттардың тізімін күні бұрын анықтау және екі жаққа да ыңғайлы күнін белгілеу мүмкіндігі арқылы уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Россия және Белоруссия жүйелерімен интеграциялану жоспарланып отыр. Бірігудің нәтижесінде нотариустар өздерінің жүйелерінен шықпай басқа мемлекеттердің нотариустарымен деректермен алмасып, біріктірілген жүйеге енетін мемлекеттердің нотариалдық іс-әрекеттерін тексерулеріне болады. Мұнымен қоса, аталған процестің артықшылығы - нотариалдық іс-әрекеттерге кететін уақыттың айтарлықтай үнемделуінде.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанның қолданыстағы нотариат жүйесінің нәтижелі жұмыс істеуі үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2010 жылы «Е-нотариат» Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені» жасап шығарған болатын. Дәл осы жүйе нотариустардың республикалық және аумақтық палаталармен, мемлекеттік органдармен өзара жұмыс жасауын қаматамасыз етіп келеді. Сонымен қатар, халықты сапалы құқықтық нотариаттық қызметпен қамтамасыз етеді, нотариаттық іс-әрекеттері туралы уақтылы және шынайы есептілікті қалыптастырады. Бүгінгі күнде «Е-нотариат» жүйесіне 4130 нотариус тіркелген.

«Е-нотариат»  (enis.kz) жүйесі жеке және заңды тұлғалардың, жылжымайтын мүлік тіркелімінің және АХАЖ мемлекеттік деректер қорымен интеграциялауының арқасында халық және нотариустардың тарапынан болатын заңсыз іс-әрекеттердің  алдын алады.

«Е-нотариат» ақпараттық жүйесінің арқасында  жалған немесе ұрланған құжаттар бойынша, қайтыс болған  тұлғалардың құжаты бойынша және нотариаттық мәмілеге  қатысу құқығы жоқ тұлғалармен нотариаттық іс-әрекеттер жасалмайды.

Дереккөз: inform.kz

25 тамыз 2017, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.