Атырау, 22 желтоқсан 11:04
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандықтарға банктағы қаржыларын жоқ қылатын жаңа вирус шабуылдауда

1 885 рет қаралды


Қазақстандықтардың ақшасына қауіп төніп тұр. Facebook әлеуметтік желісінде тараған жаңа вирус банктағы шоттардың қаражатын жоқ қылуда. Бұл туралыNUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Зиянды бағдарлама интернетте тез тарап кеткен. Бірнеше күннің ішінде вирусты Қазақстанның мыңдаған тұрғынының компьютері жұқтырған.  Олар енді түрлі сілтемелері бар хабарламаларды жан-жаққа таратуда.

Сілтеме бойынша өтуге мүлде болмайды. Бірнеше рет шертсеңіз болғаны, банк карточкаңыздан қаражатыңыз ғайып болады. Жалақыны алаяқтарға қалай беріп қоймаудың тәсілдерін Кибершабуылдарды тергеу және сараптау орталығының президенті Олжас Сатиев айтып берді.

Әдетте жүйе келесідегідей: адамдар "вирус жұқтырған" достарынан хабарлама алады. Ештеңеден күдіктенбестен хабарламаны ашады. Одан әрі вирусты жұқтыру бірнеше сатыда жүреді.

"Алдымен вирус сіздің компьютеріңізде браузер немесе операциялық жүйе жаңармаған болса, шабуылдауға кіріседі. Одан әрі вирус сізден хабарламамен келген видеоны тамашалау үшін ақша төлеуіңізді сұрайды. Ол үшін сіз әрине өзіңіздің төлем карточкаңыздың мәліметтерін енгізесіз. Одан әрі вирус сізден видеоны қарауға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаны жүктеуді ұсынады. Сіз жүктейсіз, ал ол операциялық жүйеңізге зақым келтіреді. Сол жерден карточкаңыздың мәліметтері, тіпті құпиясөзді біліп алатын алаяқтар, шотыңыздағы бар ақшаны қолды қылады", - дейді Сатиев.

Бұл жайттан аулақ болу үшін маман компьютердің операциялық жүйесін жаңартып тұруға және бағдарламалардың пираттық нұсқасынан аулақ болуға кеңес берді.

Дереккөз: nur.kz

25 тамыз 2017, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.