Атырау, 22 желтоқсан 11:04
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​ІІМ: Қазақстанның түзету мекемелерінде VIP-блоктар жоқ

1 745 рет қаралды


Марқұм болған Өзбекстан басшысының қамауға алынған қызының VIP-тұлғаларға арналған корпуста отырғаны туралы жаңалықтан кейін журналистер ҚР ІІМ өкіліне сұрақ қойды.

Қазақстанның түзету мекемелерінде VIP-блоктар жоқ, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов.

 Шетелдік БАҚ-тың ақпаратына сәйкес, бір қатар қылмыстар жасады деген күдікпен қамауға алынған марқұм болған Өзбекстан резиденті Ислам Кәрімовтің қызы Гүлнара өзбек СИЗО-сының тергеу изоляторына отырғызылған, атап айтқанда VIP-тұлғаларға арналған корпуста. Қазақстандық журналистер Жақыповтан Қазақстанда осындай VIP-корпустардың бар-жоқтығы туралы сұрады.

"Қазақстан Республикасының түзету мекемелеріндегі ұстау шарты Қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген және онда бас бостандығынан айырылған тұлғалардың белгілі бір санатына арналған VIP-блоктар құру қарастырылмаған. Сол себепті Қазақстанда жаза өтеуге арналған VIP-блоктар жоқ", — деді Жақыпов.

Шілденің соңында, Гүлнара Кәрімованың қамауға алынғаны белгілі болды. Оған Қылмыстық кодекстің алты бабы бойынша айып тағылды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

25 тамыз 2017, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.