
Алматыда шамамен 200 "Алтын белгі" иегері гранттарынан айырылып отыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Талапкерлердің ата-аналарының айтуынша, бір топ талапкер ақысыз оқуға түскендер тізімінде болса да, сертификатын ала алмай жүр.
Сондықтан олар10 күннен бері қабылдау комиссиясына барып жүр. Бірақ сертификат даулағандарға жауап беріп жатқан ешкім жоқ. "10 тамыз күнгі тізім бойынша Асфендияровта болдық. 14 тамыздағы тізімде Казгуде болдық. Енді не Казгуде, не Асфендияровта жоқпыз", - дейді талапкер Әлия Сәлменова Телеарнаның мәліметінше, сертификат дауымен жүргендердің барлығы - "Алтын белгі" иегерлері. Бәрі де ҰБТ кезінде өз білімдерін дәлелдеп, 100-ден аса балл алған. "Бүкіл сертификатты алып келгенбіз. Бүгіннен бастап жұмыс істегенбіз. Бірақ кейін сертификатты қайта алып қойды. Сертификат береді - біз жұмыс істейміз. Сертификат болмаса - біз жұмыс істей алмаймыз", - деді С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры Қазбек Төлебаев. Білім министрлігіндегілер өз кезегінде білім грантын алған талапкерлердің барлығы ЖОО-ларда оқитынын айтты.
Дереккөз: ktk.kz
В Атырау 0