Атырау, 21 желтоқсан 13:22
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Мектептерде үнемделген қаржы ұстаздарға сыйақы ретінде беріледі

2 346 рет қаралды


Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала мектептерінде білім жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің мәліметінше, 2017 жылы екі мемлекеттік балабақша, сонымен қатар ұлттық компаниялар салып жатқан 1 200 орындық 3 балабақша пайдалануға беріледі.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша 6 балабақшаның құрылысы басталды.

«Жаңа оқу жылында 42 мектепті ауыз сумен, 13 мектепте бастауыш сынып оқушыларын жеке заттарға арналған шкафтармен қамтимыз. Жаңа оқу жылы барысында мектептерді 100 пайыз ауыз сумен және 2019 жылдың соңына дейін барлық мектепті оқушылардың жеке шкафтарымен қамтамасыз етеміз», - деді қала басшысы.

Исекешев қала мектептерінің 90 пайызы инклюзивті білім беруге дайын екенін айтты.

Қыркүйекте барлық мектепте қашықтықтан басқаратын бухгалтерия енгізілмек, бұл өз кезегінде мектеп директорлары мен басшыларының шаруашылық жүктемесін азайтады.

«Сонымен қатар, қашықтықтан басқару бухгалтериясы қаржылық менеджменттің ашықтығын қамтамасыз етіп, сатып алуды орталықтандыру арқылы жылына 200 млн теңге үнемдеуге септігін тигізеді. Үнемделген қаржы ұстаздардың сыйақысына жұмсалады», - деді әкім.

Сонымен қатар, әкімнің мәліметінше, соңғы тоғыз жылда ұстаздардың саны екі есеге артып, жаңа оқу жылында 14 322 адамға жетіп отыр. Білім беру саласында 150 мұғалім жетіспейді.

«Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері жетіспейді. Алдағы үш жылда бізге 3 мың мұғалім мен мың тәрбиеші қажет болады. Бұл қажеттілікті қамтамасыз ету үшін колледждерде мемлекеттік тапсырыс беру арқылы мамандар даярлауды жоспарлап отырмыз», - деді Исекешев. 

Дереккөз: Baq.kz

23 тамыз 2017, 19:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.