
Депозит нарығында валюталық салымдар үлесінің төмендеуі жалғасуда. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.
Ұлттық Банктің деректері бойынша, 2017 жылғы шілдеде теңгемен салымдар 0,6%-ға өсті, 2017 жылдың басынан бері 10%-ға өсті, шетел валютасында 3%-дан астам қысқарды, жыл басынан бері 13,7%-ға төмендеді. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 48,6%-ға дейін төмендеді.
«Депозиттердің ұлттық валютадағы көлемі қатарынан бес ай бойы депозиттердің шетел валютасындағы көлемінен асып кетті. Жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттер үлесі 54,8%-ға дейін, заңды тұлғалардікі 43,4%-ға дейін төмендеді», – деді Д. Ақышев.
Дереккөз: bnews.kz
В Атырау 0