Атырау, 22 желтоқсан 11:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​"Астана" шотландиялық "Селтик" қақпасына төрт гол соқты

Бейнежазба
2 107 рет қаралды


"Астана" футболшылары Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде "Селтикті" жеңді", - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Ойын 22 тамызда "Астана Аренада" өтіп, 4:3 есебімен аяқталды. 

Есеп бірінші таймның ортасында ашылды. 26-шы минутта "Селтик" қорғаушысы Кристофер Айер Дмитрий Шомконың соққысын қайтарамын деп, допты өз қақпасына соғып алды. Өкінішке қарай, 34-ші минутта қонақтар командасының хавбегі Скотт Синклер есепті теңестіріп кетті.  Үзілісте "Астананың" бас бапкері Станимир Стойлов хорват Марин Томасовтың орнына Абзал Бейсебековті шығарған. Бұл сәтті қадам болды. 48-ші минутта Серікжан Мұжықов "Астананы" алға шығарды. 49-шы минутта ганалық форвард Патрик Твумаси "Селтик" қақпасына үшінші допты салып кетті. Ал 69-шы минутта сол Твумаси дубль жасады.  "Астана" бесінші голды да сала алар еді, алайда бірнеше мүмкіндікті қалт жіберіп алды. 81-ші минутта жарақат алған Бейсебековке жәрдем көрсетіліп жатқанда "Селтик" бұл басымдықты сәтті пайдаланып, қарымта шабуыл жасады. Бұл жолы Оливер Нчам көзге түсті. Шотландиялықтар 90-шы минутта да гол соғып кетті - Ли Гриффитс отандық команданың қақпасынан саңылау тапты. Бұдан кейін де "Астана" бірнеше мүмкіндікті қалт жіберді.  Еске салайық, Глазгода өткен бірінші ойында "Селтик" 5:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша "Селтик" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығып отыр, ал "Астана" Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде өнер көрсетеді. 


Дереккөз: tengrinews.kz

23 тамыз 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.