Атырау, 24 сәуір 08:46
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Қазақстан ресейлік жанармайдан бас тартуы мүмкін

2 250 просмотра


Келесі жылдан бастап Қазақстанның ашық түсті мұнай өнімдері көршілес мемлекеттерге экспортталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті. «Бізде Ресеймен ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттамау туралы келісім бар. Бұл ресейлік бензин мен дизельдік отынды бажсыз әкелуімізбен байланысты болды. Егер қараша айында екі зауытымыз өнім берсе, желтоқсан айында жағдайды бағамдап, қаңтар айында бұл келісімнен бас тарту туралы бастама көтереміз деп болжап отырмыз. Себебі, біздің өз бензиніміз, өз дизельдік отынымыз, жанар-жағармайдың әр түріне 1,5-2 млн-ға артығымен болады. Осылайша, ішкі нарықты қамтамасыз етіп, зауыттарымыздың мұнай өнімдерін экспортқа шығару арқылы жоғары табыс тауып, зауытты жаңартуға алған ауқымды қарыздарын қайтаруы үшін экспорттың қандай да бір бөлігін ашамыз. Сондықтан, ашық түсті мұнай өнімдерінің экспортына салынған тыйымды өзгертуіміз мүмкін», - деді ол. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаңтар-маусым аралығында Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында 7 338,3 мың тонна мұнай өңделген, бұл 2016 жылғы сәйкес кезең көрсеткішінен 5,4%-ке көп.

Дереккөз: inform.kz

21 тамыз 2017, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.