Атырау, 22 желтоқсан 09:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25 пайызға төмендету туралы шешім қабылдады

2 431 рет қаралды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25 пайызға төмендету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы банктің Twitter желісіндегі парақшасында хабарланды. "ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25 %-ға төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.  Еске салайық, биыл 17 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдаған болатын. Сол кезде банк өкілдері жылдық инфляция деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағаларымен сәйкес келетінін және нысаналы дәліз шеңберінде қалып отырғанын, инфляциялық күтулер тұрақты деңгейде қалыптасқанын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

21 тамыз 2017, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.