Атырау, 22 желтоқсан 09:45
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандық хакер АҚШ-қа өз еркімен экстрадицияланбақ

1 670 рет қаралды


Канадада ұсталған қазақстандық хаккер Кәрім Баратов (суретте) АҚШ-қа экстрадицияланатын болды, деп хабарлайды Associated Press ақпарат агенттігі. 

22 жастағы Кәрім Баратовты АҚШ-қа экстрадициялауға байланысты сот отырысы қыркүйек айында өтуі керек болған. Алайда Баратов өз еркімен Америкаға экстрадициялануға келіскен. Оның қорғаушысының айтуынша, Баратовтың бұл шешімі соттың тезірек аяқталуына көмегін тигізеді. 

АҚШ прокуратурасының мәліметінше, Кәрім Баратов Ресей федералды қауіпсіздік қызметіне жұмыс істеген. Ол ұсталғанға дейін Yahoo әлеуметтік желісіндегі 500 миллион жеке поштаны бұзған. Кәрім Баратов Канада азаматтығын 2011 жылы алған. Ол Yahoo сайтына шабуыл жасады деген күдікпен наурыз айының 15-і күні қамауға алған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


21 тамыз 2017, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.