
Мемлекеттік сатып алу жүйесіне ортақ ереже енгізіледі. Бұл туралы Алматыда Қаржы министрлігінің ұйымдастыруымен барлық аймақтардың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен өткен семинарда айтылды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына жолданады. «Ортақ ереженің артықшылығы – мемлекеттік сатып алуға қатысушылар өзінің тауары мен қызметін бір терезе қағидасы бойынша бірден бірнеше компанияға ұсына алады», – дейді мамандар. Әзірге мемлекеттік сатып алудағы бәссауда тауар түрлеріне қарай бөлініп, сатып алушылар да бір тауар түрі бойынша ғана саудаға қатысады.
Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы вице-министрі:
– Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудағы негізгі реттеуші болып саналады. Бақылау басында «Самрұқ-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгро» сынды компаниялар бар. Біз біріншіден саудадағы ашықтықты қамтамасыз етіп, кез келген адамның саудаға қатысуына мүмкіндік жасаймыз.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау 0