Атырау, 22 желтоқсан 09:29
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада монорельсті пойыз үшін 18 бекет қарастырылған

2 611 рет қаралды


Болашақта әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасын жалғайтын жеңіл рельсті пойыз қатынайтын болады, деп хабарлайды Хабар24.kz.  

Телеарна сайтының хабарлауынша, 18 бекетке тоқтайтын көлік қаланың көрікті жерлерімен өтпек. Әзірге жобасы жасалып жатыр. Жаңа вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов мәлімдеуінше, тәулігіне 35 мың адамға қызмет көрсетуге қауқарлы теміржол сапаржайында жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Вокзал басшылығы соңғы кезде әлеуметтік желілерде таралған сын-ескертпелердің қисынсыз екендігін айтты. Әр қабатта арнайы ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жол жолақтары, тіпті брайл қарпімен жазылған ақпараттар да бар. Әрі тамақтану орындары мен дүкен желілері де ашылған. Шетелдік қонақтарға арналған ақпараттық бұрышта тегін карта да таратылады. Сондай-ақ орталықтан жаңа теміржол бекетіне дейін 9 қалалық автобус қатынайды. «Бұл вокзалда жолаушыларға барынша жағдай жасалған, ерекшеліктері бар. Жаңбыр, еріген су жинақталып, тазартылып, жасыл желектерді суаруға жұмсалады. Бұл ауызсуды үнемдейді»,-дейді технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімі басшысының орынбасары Ғалия Нүскеева.


Дереккөз: kazinform.kz

18 тамыз 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.