Атырау, 22 желтоқсан 08:14
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Селтик" "Астананы" сең соққандай етті

2 307 рет қаралды


Чемпиондар Лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында «Астана» командасы «Селтиктен» ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Sports.kz. порталының жазуына қарағанда Глазгодағы ойын алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. Есеп - 5:0. "Астана" ойыншылары алғашқы таймның өзінде-ақ екі голға жол берді. Алдымен 32-минутта Евгений Постников өз қақпасына доп соқты, артынша шотландиялық Скотт Синклер қатарынан екі гол салды (42-60 минуттарда).

Сондай-ақ Джеймс Форрестің тепкен добы қақпадан бір-ақ шықты (79-шы минут), ал 88-минутта жерлестеріміз тағы да қателікке бой алдырды. Игорь Шитовтың аяғына тиіп кейін серпілген теңбіл доп қақпаға кіріп кетті.

Бұл жеңіліс турнир тарихында «Астана» үшін ең ірісі болды. Бұдан бұрын тап осындай жағдай өткен жылғы қазанда 2015/16-маусымының топтық кезеңдегі матчында болған. Сырт алаңда ойнаған «Астана» мадриттік «Атлетикодан» тап осыған жетеқабыл есеппен жеңілген еді (0:4).

Енді 22 тамызда "Астана" мен "Селтик" елордада қарымта кездесу өткізеді.

Дереккөз: Baq.kz

17 тамыз 2017, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.