
Қытай және Америка ғалымдары «Malus domestica» алмасының шығу тегін зерттей келе, алма Қазақстаннан шыққанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап.
NatureCommunications журналында жарияланған мақалада әлемге кең таралған атақты үй алмасы Қазақстаннан, яғни бүгінгі күнге дейін жабайы алма өсетін Тянь-Шаннан шыққаны айтылыпты. Содан соң жеміс Ұлы Жібек жолы арқылы әлемге таралып кеткен.
Ғалымдардың зерттеуінше, қазіргі алма генінің Қазақстанда өсетін алма генімен сәйкестігі 46 %-ды көрсетеді. Мұндай қорытындыға келу үшін авторлар Солтүстік Америка мен Қытайда өсетін 117 түрлі алма генін тексерген.
Бұған дейін мамандар алманың отаны Орталық Азия (Қырғызстан, Қазақстанның шығысы, Қытайдың солтүстік-батысы) деп келді. Генетикалық зерттеу жұмыстары бұл болжамды нақтылай түсіп, «Malus domestica» үй алмасы Қазақстаннан шыққанын дәлелдеп отыр.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0