Атырау, 19 сәуір 03:41
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылардан алған артық ақшаны қайтарады

2 430 просмотра


ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты тергеу-тексеру шараларын жүргізді, деп хабарлайды  Вnews.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тауарлық газды тұтынушыларға түзету коэффициенттерін негізсіз есептегені белгілі болды.

Бұдан басқа компания тұтынушылармен жасалған мәні бiрдей келiсiмдерге объективті түрде ақтамайтын себептермен әртүрлi шарттарды қолданған.

Осыған орай, Монополияға қарсы орган әкімшілік іс қозғады және газ компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және олардың салдарларын жою туралы нұсқама шығарды.

5 айға созылған сот талқылауларының қорытындысы бойынша Астана қаласы соттарының қаулыларымен Қоғам осы фактілер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ нұсқама күшінде қалдырылды. Газды тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға түзету коэффициенттерін есептеу практикасын тоқтату, сондай-ақ мұндай есептеуден 2012 жылғы шілдеден бастап алынған ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыру нұсқама етілді.

Қоғамға салынған айыппұл сомасы шамамен 13,4 млн. теңгені құрады, ол бүгінгі күні бюджетке толықтай төленді.

Қоғамның деректері бойынша 2 млн. тұтынушыға қайтарылуы тиіс сома шамамен 268 млн. теңгені құрайды. Нұсқамаға сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ақшалай қаражатты 2017 жылғы 18 желтоқсанға дейін қайтаруы тиіс. 

Дереккөз: bnews.kz

17 тамыз 2017, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.