Атырау, 23 желтоқсан 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанада туристік фирма алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

1 723 рет қаралды

Астаналық туроператорға Чехияға жолдамалар арқылы алаяқтық жасады деген күдік келтіріліп отыр.

Елордалық "Анмар Тур" фирмасына клиенттерінің ақшасын өз иеліктеріне өткізді деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана ішкі істер департаменті жетекшісі Софья Қылышбекова. 

Оның ақпаратына сәйкес, полиция бөлімшесіне туристік жолдамаларды ұсыну арқылы, жалған жолмен, тұрғындардың 10 миллионнан аса қаражатын жымқырған «Анмар Тур» ЖШС басшысына қатысты үш шағым түсті. 

Туристік фирма жетекшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша ("ірі көлемдегі алаяқтық") сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр

"Анмар Тур" ЖШС басшысының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен өзге тұрғындардан төмендегі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 71-66-52, 8 747 456 68 38, 8 702 777 23 03 немесе "102" нөміріне.

Туроператордың кеңсесінде қоңырауға жауап бермейді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

16 тамыз 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.