
Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы:
-2015 жылдан бастап Қазақстанның Бас прокуратурасы АҚШтың Әділет министрлігіне, оны отанға беру туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінді. Алайда жасалған қылмыстық ауырлығына байланысты АҚШ тарапы оны беруден бас тартты. Ол 6 жылға сотталған жаза мерзімі 2019 жылы аяқталады. Бұл мәселе тек Америка тарапының құзыретінде екенін атап өткен жөн.
Бас прокуратура Диас Қадырбаевтың қазіргі жағдайынан бейхабар екен. Бір анығы - ол Техас штатындағы «Биг-Спринг» түрмесінде отыр. Мерзімінің бітуіне әлі 2 жыл бар. Естеріңізге салсақ, қазақстандық қос студент - Диас Қадырбаев пен Азамат Тажияқов 2013-ші жылы Бостондағы марафон кезінде болған терактіге байланысты айыпталған. Кейін осы жарылысты ағайынды Царнаевтардың ұйымдастырғаны білгілі болды. Азамат пен Диас сол «күдіктілерге тиесілі сөмкені қоқысқа лақтырды» деп күдікке ілінген. Сөйтіп, Қадырбаев 6 жыл, Тажияқов 3 жарым жылға сотталған. Азамат Тажияқов былтыр маусымда жазасын толық өтеп, елге оралғанын айта кетейік. Жалпы, қазір шетелдердегі түрмеде 3 мыңға жуық отандасымыз отыр. АҚШ-тың өзінде 4 жерлесіміз жазасын өтеуде.
Дереккөз: ktk.kz
В Атырау 0