Атырау, 23 желтоқсан 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ресей Қазақстанға көл сыйға тартты

3 147 рет қаралды


Новосибирск облысы "қажетсіз" көлден бас тартып, Қазақстанға берді.

Новосибирск облысындағы Сладкое көлі Қазақстан Республикасына берілді, деп хабарлайды Новосибирск облысы Купино ауданының басшылығы порталы.

Көл Купино ауданы орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан.

"Қазіргі уақытта шекараны белгілеу жұмыстары аяқталған соң Сладкое көлі толығымен Қазақстан Республикасының аумағында жатыр", — деп ескертеді облыс басшылығы.

Купино ауданы басшысы Владимир Шубниковтың айтуынша, көлдің бір бөлігі онсыз да Қазақстан аумағына тиесілі екен.

"Бұл бөлікті жылжыта салған жөн болар еді. Бұл көлде балық жоқ, тек табиғатқа көрік береді, шекаралық өзгерістер экономикалық ахуалға да әсерін тигізбейді. Біздің ауданда Горькое көлі бар – ол нағыз шипалы су. Ал Сладкое – жартылай көл, жартылай батпақ – ешқандай пайдасы жоқ", — деп атап өтті Шубников.

Sputnik Қазақстан бұл туралы мәлімет алу үшін Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне хабарласты, алайда ведомство қандай да бір ақпарат беруге дайын емес.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 тамыз 2017, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.