Атырау, 23 желтоқсан 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті

1 521 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасымен кездесуде экономиканың қазіргі жағдайында мұндай басқосудың маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Д.Медведев Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ аясында ынтымақтасудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді.

– Біз достас Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу барысында жеткен жетістіктеріне қуанамыз. Бұл – шын мәнінде, Сіздер үшін де, жалпы одақ үшін де маңызы зор оқиға. Бүгін біз Еуразиялық үкіметаралық кеңес аясында қазіргі экономикалық мәселелерді талқылаймыз. Жұмысқа қолайлы жағдай жасағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Екіжақты қарым-қатынасымыз соңғы жылдардағыдай, қарқынды түрде дами түседі деп сенемін, – деді Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы.

Дереккөз: bnews.kz

14 тамыз 2017, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.