Атырау, 23 желтоқсан 06:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда грант иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды

3 001 рет қаралды

Білім және ғылым министрлігінде 2017 жылғы грант иегерлерінің тізімін жаңартты.

2017 жылғы білім гранты иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымы. 

Жаңа тізіммен мына жерде танысуға болады. 

Бұдан бұрын елордалық мектептердің бірінің түлегі Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке жүгініп, биылға мемлекеттік білім гранттарының әділетсіз берілгенін алға тартқан. 

Өз кезегінде БАҚ-та Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев министрліктің алдында қарсылық шараларына шыққан абитуриенттер мен олардың ата-анасымен кездесіп, әр шағымды жеке қарауға уәде еткені хабарланды.

Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссиялық шешімін қайта қарап, 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді. Ескеретін жайт, 10 тамыз күні жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Өзгеріс қосымша гранттарға байланысты. 

Дереккөз: sputniknews.kz

14 тамыз 2017, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.