
Қазпошта 35 бағыт бойынша EMS жөнелтімдерді «күнбе-күн» жедел жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазпошта хаттар мен сәлемдемелерді жедел жеткізу қызметі 2014 жылдан бастап хаттарды қабылдаған күні 23.00-ге дейін Астана және Алматы тұрғындарына жеткізіп келеді. Енді Қазпошта «EMS-Kazpost» бөлімшесі бұл географияны республика бойынша 35 бағытқа дейін кеңейтті және құжатты қабылдау уақытын ұзартты.
«Күнбе-күн» қызметін пайдалану үшін клиент жөнелтімді қабылдау пунктіне сағат 09.00-дан бастап сағат 13.00-ге дейін тапсыруы тиіс (қабылдау уақыты өңірлерге қатысты өзгереді). Мысалға, Алматыдан Қызылордаға хат-хабар жіберу кезінде, оны қабылдау пунктіне сағат 13.00-ге дейін тапсыру керек, алушыға жөнелтім сағат 23.00-ке дейін жеткізіледі. Астанадан Шымкентке жедел жөнелтімді сағат 09.30-ға дейін беру керек, ол мекен-жайға сол күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жеткізілетін болады.
«EMS жөнелтім – хатты немесе сәлемдемені жеткізудің ең жылдам және қолайлы тәсілі. Курьер сәлемдемені жөнелтушіге қолайлы орыннан алып кетеді және оны қабылдап алушының үйіне немесе офисіне жеткізеді. EMS-жөнелтім тіркелеліп, оны жеткізу мен тапсыруды трек-нөмірі арқылы қадағалауға болады. Қызмет үшін тарифтер 5000тг/0,3кг-нан 15000тг/10кг-ға дейін өзгерді», - деп атап өтті «EMS-Kazpost» директоры Диас Мырзаханов.
Жеткізу мерзімдерін қысқарту үшін «EMS-Kazpost» хат-хабарларды облыс орталықтары арасында авиакөлікпен, бір-бірінен 250 км-ден аспайтын қашықтықта орналасқан қалалар арасында автокөлікпен жөнелтеді.
Хаттар мен басқа да хат-хабарларды «Күнбе-күн» жеткізу қызметі төмендегідей 35 бағыт бойынша көрсетілетін болады:
1. Ақтау-Алматы
2. Ақтау-Атырау
3. Қостанай - Алматы
4. Алматы-Астана
5. Алматы-Ақтау
6. Алматы-Талдықорган
7. Талдықорган - Алматы
8. Алматы-Павлодар
9. Алматы-Қызылорда
10. Алматы-Қарағанды/ Астана арқылы транзит
11. Алматы - Қостанай
12. Алматы-Шымкент
13. Павлодар - Алматы
14. Орал - Астана
15. Қызылорда-Астана
16. Атырау-Астана
17. Петропавл-Астана
18. Көкшетау - Петропавл
19. Көкшетау-Ақтау
20. Көкшетау-Алматы
21. Көкшетау - Астана
22. Астана - Көкшетау
23. Қарағанды-Астана
24. Астана-Қарағанды
25. Қарағанды-Алматы
26. Шымкент-Астана
27. Астана-Шымкент
28. Шымкент - Ақтау
29. Тараз-Астана
30. Астана-Алматы
31. Астана-Орал
32. Астана-Ақтау
33. Астана-Тараз
34. Астана - Өскемен
35. Петропавл - Көкшетау
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0