Атырау, 23 желтоқсан 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Оралдық жас ару дүниежүзілік сұлулар фестивалінде жеңімпаз атанды

Бейнежазба
4 161 рет қаралды

Орал тұрғыны Скеа Давина Таиландтағы Prince and Princess International 2017 Дүниежүзілік сұлулық және таланттар фестивалінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы конкурстың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Бұған дейін Скеа Давина Грузияда өткен Prince & Princess халықаралық конкурсында Best princess of the World Best Sharm 2017, Best princess of the Asia Winner, Best Charity of the World 2017 номинацияларында жеңімпаз болған еді. Сондай-ақ ол «Үздік қайырымдылық ролигі» атты жеке аталымда үздік шықты. Патриоттық роликте Скеа Давина туған қаласы мен Қазақстан туралы әңгімелейді.

«Қазақстанда адамдар отанымыздың ортақ екенін түсіне отырып, еркін, тату өмір сүреді. Мен елімді сүйемін, мәңгілік жақсы көріп өтемін. Ал жақсы көру әрқашан пайда әкеледі, елімізге қорған болады», - дейді жеңімпаз.


Дереккөз: baq.kz

13 тамыз 2017, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.