Атырау, 23 желтоқсан 01:24
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Вице-министр жол апатына ұшырады

3 198 просмотра

25-ші қаңтарда 16 сағат 30 минутта қалалық Элеватор ауданында «Нефтемаш» зауытына барар жолда ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Берік КАМАЛИЕВ мінген джип аударылып, сайға түсіп кеткен. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, зақым алған шенеунік облыстық ауруханаға жеткізілген. ІІД баспасөз релизіне сәйкес, «Тойота-Прадо» көлігінде отырған жүргізуші мен облыстық әкімдіктің екі қызметкері зардап шекпеген.

«АЖ» тілшілері ІІД болған жерге жеткенде, оларға «жедел жәрдем» бригадасы кезікті. Алайда онда жапа шегушілер болған жоқ. Күртік қардың үстінде сиқы кеткен «Тойота-Прадо» көлігі тұрды. Қалалық «103» стансасының диспетчерлерінен тете министрдің әскери күзет машиналарының бірімен теміржол ауруханасына, ал ол жерден «жедел жәрдем» көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілгенін білдік.

Жансақтау көлігі ауруханаға жеткен кезде репортерлар сол жерде болған. Көлік ішінде тете министрге облыстық аурухананың бас дәрігері Айбек ҒАБДУЛЛИН мен травматология бөлімшесінің меңгерушісі Руслан ҚАПАРОВ көмек көрсеткен. Ал  ауруханаға жатқызуға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ басшылық еткен. Біз тете министрдің жанында жүрген адамдардың бірінен жапа шегушінің қандай жарақат алғанын сұраған едік. Ол оның иығының қатты зақымданғанын айтты. Кеше Б.Камалиев Астанаға жөнелтілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.