
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек жаңа сипатта көрсетіледі.
Онда ең алдымен әлеуметтік жәрдемді алушылардың жауапкершілігін күшейтуді көзделген. Яғни еңбекке араласу мен өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аударылады. Сонымен қатар келесі жылдың басынан 460 мың мүгедек жанның жәрдемақысы 16 пайызға өседі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Зейнетақы жүйесі де жаңғырудан өтіп жатыр. Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері 14 мың 466 теңгені, ал ең төменгі зейнетақы 31 мың 245 теңгені құрады. Қазіргі уақытта 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
– Негізі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін ынтымақты еңбек өтілі саналатын, сосын 1998 жылдан кейін зейнетақы жүйесіне қатысып, жарналарды аударып жүрген жылдары есепке саналатын болады. Еңбек өтілі 30 жылдан асатын базалық зейнетақысы ең төмен күнкөріс деңгейінің көлеміне тең болады.
Дереккөз: 24.kz
В Атырау -1