Атырау, 22 желтоқсан 05:21
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жеңіл атлет Рыпакова әлем чемпионатында қола алды

2 574 рет қаралды
Ольга Рыпакова әлем чемпионатында. Лондон. 7 тамыз 2017 жыл.

Жеңіл атлетикадан Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова үш қарғып секіру секторында қола медаль алды.

Рыпакова 14,77 метрге секірді. Әлем чемпионы атанған венесуэлалық Юлимар Рохас 14,91 метрге, күміс алған колумбиялық Катерина Ибаргуэн 14,89 метрге қарғыды.

Рыпакова 2015 жылы Пекинде (Қытай) өткен әлем біріншілігінде де қола медаль иеленген. Ол - 2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, 2008 жылғы Пекин олимпиадасының күміс, 2016 жылғы Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

8 тамызда қазақстандық Виктория Зябкина 200 метрге жүгіру жарысында жүлдеге таласады. Зябкина - 100 және 200 метрге жүгіруде үш дүркін универсиада чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы.

Лондондағы әлем чемпионаты 13 тамызда аяқталады.

Дереккөз: azattyq.org

8 тамыз 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.