
Тұтылу кезінде Айдың бір бөлігі түн қараңғысына шомады. Қазақстан тұрғындары бүгін түнде болатын айдың тұтылуын көре алады, деп хабарлады Sputnik Қазақтанға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Андрей Солодовник.
"Өткенге көз жүгіртетін болсақ, аспанда айдың тұтылуының болмағанына біраз болды. Соңғы рет айдың толық тұтылуына алты жыл бұрын куә болдық. Тамыздың 7-сінен 8-іне қараған түні біз үшін тосын сый болмақ. Әзірге жартылай болса да. Жартылай дегеніміз — жер көлеңкесінің қараңғысына толық Ай дөңгелегінің бір бөлігі бөленеді. Яғни түн басталған кезде Ай толық болады, бірақ құбылыс дами келе, оның үлкен бөлігі байқаушылар үшін "жоғала" бастайды", — деді агенттікке берген сұхбатында Солодовник.
Андрей Солодовниктің атап өтуінше, тамыз айы – ерекше ай болмақ, өйткені тұтылу түні қосымша тосын сыйлар да болуы мүмкін.
"Ең алдымен, бірден бірнеше белсенді метеорлық ағынмен байланысты тамаша жарқын метеорлар болуы мүмкін. Олардың арасында ең бастысы – атақты Персеидтер. Дегенмен, бұл басқа оқиға. Бірақ осыған байланысты сәтті жіберіп алмаңыздар", — деп түйді Солодовник.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау -1