Атырау, 22 желтоқсан 05:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жамбыл облысында мәслихат депутаты өз үйінде асылып қалған

3 034 рет қаралды


Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өз-өзіне қол жұмсады. Ер адам соңғы хат қалдырмаған, оқиға орнында дене жарақаттары іздері табылмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаевқа сілтеме жасап. 

Депутаттың денесі 5 тамызда өз үйінен табылған. 61 жастағы Терлікбаев "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның "Луговское рельсосварочное предприятие" кәсіпорнын басқарған. Кәсіпорнында қаза қарсаңында тексеріс жүргізіліпті.  

Суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz 

 

7 тамыз 2017, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.