Атырау, 2 маусым 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +32
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Павлодар облысындағы заманауи ферма бір сағатта 160 сиыр сауады

8 000 просмотра
Көрнекі сурет


Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындайтын және қайта өңдейтін 37 нысанның өндірісі жаңғыртылып, биыл ел игілігіне ұсынылмақ. Күні бүгінге дейін 14 кәсіпорын іске қосылса, қалғаны жыл соңында пайдалануға берілмек. 

Әсіресе сүт өнімдерін шығару мен өндіруге баса назар аударылып отыр. Бұл салаға шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып, қаржы салған. Павлодар ауданында заманауи тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Халықаралық «Лакталис» тобы құрамындағы «Фудмастер» компаниясы 1 млн еуро инвестиция құйған. Сәтін салса, жоба аясында сүт өндірісі оң жолға қойылады. Яғни шикізат өндірісінен бастап, дайын өнім шығарудың толық циклы іске қосылады. Александр Бабенко, Павлодар ауданының әкімі: - Жоба бойынша заманауи технологиялар қолданылады. 

Басты мақсат – сауылатын сүт көлемін арттыру. Мәселен, ауданда бір жылда 45 мың тонна сүт алынады. Бұл көрсеткішті арттыру қажет. Француз компаниясы 2004 жылдан бері Қазақстан нарығына сапалы сүт өнімдерін ұсынуда. Ал сегіз жыл бұрын Павлодар облысында жобаларын табысты жүзеге асырған. Сол уақыттан бері 800 млн теңге инвестицияланды. Жаңа кешен симментал тұқымдас 420 бас малға арналған. Құрылыс жұмыстарында отандық материалдар қолданылады, ал құрал-жабдық шетелден тасымалданбақ. 

Амандос Құсанов, «ФудМастер-Павлодар» фермасы бас директорының орынбасары: 

- Заманауи сүт сауу залын сатып алдық. Бір сағатта 160 сиырды саууға мүмкіндік бар.  

Серік Нұрымов, мердігер компанияның өкілі: 

- Ірі қара мал үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Сиыр қораның ішінде желдеткіштер, осындай резеңке төсемелер қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, халықаралық стандарттарға сай бой көтеруде. Сүт көлемінің артуы жем-шөп базасына тікелей байланысты екені белгілі. Бұл жайт инвесторлардың назарынан тыс қалған жоқ. Тауарлы-сүт фермасында мал өсіруге құнарлы мал азығы пайдаланылмақ. Мәселен, былтыр соя өсіріле бастаған. Өсімдік жергілікті климатқа жақсы бейімделді. 

Пьер Делару, агроном: 

- Бұл өсімдіктер аса құнарлы. Жем-шөптің құрамында протеин көп. Осындай азықты Францияда да қоданамыз. Нәтижесінде сиырлар майлылығы жоғары сүт береді.   Тауарлы-сүт фермасы күзде іске қосылмақ. Осындай жоба Павлодар ауданының Луганск ауылында да жүзеге асырылып жатыр. Жалпы өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін үлкенді-кішілі 300 кәсіпорын бар.

Дереккөз: 24.kz

7 тамыз 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.