Атырау, 22 желтоқсан 03:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Чемпиондар лигасында "Астана" қайтадан "Селтикпен" ойнайды

2 458 рет қаралды


"Астананың" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде кімге қарсы ойнайтыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Жеребе тарту кезінде шотландиялық "Селтик" келесі қарсылас болатыны анықталды. Командалардың алғашқы ойындары 15 және 16 тамызда Глазгода өтеді, ал қарымта кездесу бір аптадан кейін Астанада болады. 

"Астана" және "Селтик" мұның алдында да Чемпиондар лигасында бір-біріне қарсылас болғанын айта кетейік. Өткен маусымның екінші кезеңінде шотландиялық клуб "Астанадан" басым түскен еді. Глазгодағы есеп 1:1 болғанымен, пенальти тебу кезінде шотландиялықтар алға шықты. Чемпиондар лигасының 2013/14 маусымында "Селтик" қарағандылық "Шахтерді" ұтқан болатын (0:2, 3:0). 

Алдағы "Астана" - "Селтик" ойынының жеңімпазы Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алады. Ал ұтылған команданың Еуропа лигасында өнер көрсету мүмкіндігі бар.

Дереккөз: Vesti.kz


4 тамыз 2017, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.