Атырау, 22 желтоқсан 03:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шымкенттік жас жұбайлар тікұшақты 550 мың теңгеге жалдаған

Бейнежазба
1 780 рет қаралды


Шымкенттік  жас жұбайлар күндізгі қыдыруларына тікұшақты 550 мың теңгеге жалдаған. Бір сағат бойы қызмет көрсеткен тікұшақ жекеменшік мұнайгаз компаниясына тиесілі болып шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. 

Компанияның авиация департаменті жетекшісі Қуаныш Мұсаевтың сөзінше,  жекеменшік мекеме коммерциялық қызмет көрсетуге жуырда ғана рұқсат алған.  Ал жас жұбайлардың тапсырысы алғашқысы екен. 

«Соңғы кездері қаржылық қиындықтар болуына байланысты біз коммерциялық қызмет көрсету үшін рұқсат алған болатынбыз. Арнайы сайт ашып, жарнама да беріп қойдық. Ал, жас жұбайлардың  тапсырысы алғашқысы еді. Бірақ мұншалықты шу шығады деп ойламадық. Яғни, тойға келген қонақтар тікұшақты түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберіпті. Енді бізге соны кесірі тиіп кетуі мүмкін»,-дейді Қуаныш Мұсаев. 

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше оңтүстік өңірінде той кортежімен бірге ұшқан тікұшақтың бейнежазбасы барлық әлеуметтік желілерге тарап кеткен болатын. Түсірілімде той кортежімен ілесіп бара жатқан тікұшақ төмен қарай түсіп, қайта көтерілген.  Әуе кемесінің ұшқыштары кортежден озып кетпей  ұшуға тырысады. Бүгін өңірдің жергілікті полицейлері осы жайт бойынша анықтау жұмыстарына кіріскен еді. Кейіннен үйленіп жатқан азамат Айтуған есімді суретші екені белгілі болды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 тамыз 2017, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.