МУАЙ-ТАЙ
Польшаның Вроцлав қаласында бағдарламасына спорттың олимпиадалық емес түрлері (джиу-джитсу, муай-тай, кикбоксинг, американдық футбол мен басқалар) кіретін Дүниежүзілік ойындар өтті.
Муай-тай сайысында атыраулық Еламан Саясатов Польшаның, Ресейдің (Шешенстанның) және Испанияның өкілдерін бірінен кейін бірін жеңіп, алтын алқа иеленді. Муай-тайдан ҚР Федерациясының сайтында ұлттық құрама тізімінде атыраулық үш спортшы - Ищан Ғалиев (1993 ж.т.), Әбіл Ғалиев (1996 т.ж.) және Е.Саясатов (1997 т.ж.) бар. Олардың үшеуі де Доссор поселкесінде тұрады және оларды бапкерлер Мейрам мен Ислам Ғалиевтар дайындайды.
***
ШАХМАТ
Астанада ЕХРО-2017 көрмесіне арналған «Астана Опен» ірі шахмат фестивалі өтті.
Сайысқа барлық жас деңгейіндегі интеллектуалдық ойынның 500-ден астам әуесқойлары қатысты. Олардың көпшілігі 10 жасқа дейінгі балалар санатында сайысты. Олардың ішінде атыраулық кішкентай шахматшылар бар: 9 жастағы Аят Абдуллаев пен 7 жастағы Зарина Нұрғалиева бар. Аят 9 турды жеңілмей өтіп, 6 бәсекелесінен ұтып, 3 ойында тең түсті. Нәтижесінде 7,5 ұпай алып, абсолюттік есепте қола алтын алды. Зарина да сондай ұпай жинап, қыздар арасында бірінші орын иеленді. Балаларды Дүниежүзілік шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов пен ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов марапаттады. Жас таланттарды БЖСМ-1 бапкері, халықаралық шахмат шебері Жәнібек Аманов жаттықтырады.