Атырау, 22 желтоқсан 05:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Министр Қасымовқа полицейлерді әшкерелейтін материалдар көрсетілді

2 068 рет қаралды


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әшкерелейтін дәлелдер көрсетілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство басшысының жеке блогында қоғам белсендісі Антон Волков полицейлердің үстінен арыз түсірген. Антон Волковтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер еш ұялмастан ішімдіктермен кафелерде және мейрамханада, қымбат көліктерімен демалыс орындарында түсірілген суреттерін әлеуметтік желілерде жариялап жатады.

"Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексті қаншалықты сақтайтынын анықтау үшін "Вконтакте" әлеуметтік желісі сарапқа алынды. Осыған дейін жергілікті шенеуніктерге үйлену тойларында бөтен адамдармен суретке түспеуге кеңес берілген болатын. Павлодар облысының этика жөніндегі уәкілетті өкілі Юрий Фельдманның айтуынша, сондай іс-шаралардағы бөтен адам ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе радикалды топтың мүшесі болуы мүмкін. Салдарынан ол мемлекеттік қызметкердің басына проблема тауып беруі мүмкін", - деп жазған Антон Волков. 

Қасымов бұл мәлімдемеге жауап ретінде қазіргі уақытта Павлодар облыстық ІІД өкілдерінің қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Тексерістің нәтижесі қосымша хабарланатын болады.

Дереккөз: Тengrinews.kz


1 тамыз 2017, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.