Атырау, 22 желтоқсан 05:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілер саны 2 миллионға жуықтады

2 558 рет қаралды


10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 1 794 132 адам келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«24-30 шілде күні ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне 309 832 адам, яғни орташа есеппен күніне 44 261 адам келді. Еске сала кетсек, көрме жұмысының алғашқы аптасында күніне 23 мың адам келген еді», - деп жазды «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. Осылайша, 10 маусымнан 30 шілдеге дейінгі аралықта Көрме келушілерінің саны 1 794 132 адамды құрады. 

Айта кетейік, бұған дейін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне  келушілер саны 2 000 000, ал кіріп шығу көрсеткіші шамамен 5 000 000 болады деп болжанған еді. Көрме кешенінің ең көп тамашаланған нысандары: 

1. Нұр Әлем 

2. Коммерциялық павильондар 

3. Шелл балалар зертханасы 

4. Балалар паркі 

5. Тақырыптық С3.5 павильоны 

6. Дю Солей циркі 

7. Амфитеатр 

8. Тақырыптық С 2.4 павильоны 

9. Шығармашылық энергия аймағы 

10. АРТ-орталық   

Келушілер ең көп тамашалаған павильондар: 

1. Африка плазасы 

2. Үндістан 

3. Египет 

4. Түркия 

5. Ресей 

6. Таиланд 

7. Жапония 

8. Өзбекстан 

9. Әзербайжан 

10. Сауд Арабиясы Корольдігі.

Дереккөз: ҚазАқпарат


31 шілде 2017, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.